12
наурыз
2021
"Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." Мұқағали оқуларының аудандық кезеңі бойынша жеңімпаздар
Алматы қаласы Білім басқармасы "Алматы дарыны" дарынды балаларды қолдау мен анықтау орталығының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған "Жалғасы бар, жырымның жалғасы бар..." атты Мұқағали оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Алматы дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. 1 және 2 орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Жолдама алған оқушыларымызға алдағы жауапты кезеңнен сүрінбей өтіп мектеп мәртебесін көтере берулеріне тілек білдіреміз. Тек қана алға, әрқашан алда бол!



